Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жыл бойы жол ережесін мүлде бұзбаған жүргізушілер марапатталды

Маңғыстау облысында "Үлгілі жүргізуші – 2026" республикалық акциясы аясында жыл бойы жол қозғалысы ережелерін сақтап, бірде-бір құқық бұзушылыққа жол бермеген жүргізушілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту, жүргізушілердің құқықтық мәдениетін арттыру және жол ережелерін сақтауды қоғамда үлгі ету.

Марапатталғандардың қатарында 35 жылдық еңбек өтілі бар мектеп автобусының жүргізушісі Нагметулла Шаудиров та бар. Ол көп жылдан бері оқушыларды тасымалдап келеді. Оның мол тәжірибесі мен қызметіне деген жауапкершілігі өзге жүргізушілерге үлгі.

Шара барысында үлгілі жүргізушілерге Маңғыстау облысы полиция департаментінің грамоталары табысталып, арнайы кәдесыйлар берілді.

"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған акция жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға және жолдағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салып, жол қауіпсіздігі ең алдымен жеке жауапкершіліктен басталатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру