Жаңаөзенде ер адамнан есірткі тәркіленді
Жаңаөзенде полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықты анықтап, 48 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қарашада Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Жұлдыз шағын ауданындағы Сақ базарының алдында күдіктіні жеке тінту, сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында есірткі заттары анықталып, тәркіленді.
Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 1,8 келі, ал апиынның салмағы 18,61 грамм болды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
