Есірткі жарнамалау немесе насихаттау мәселелері бойынша, қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түсіндірме жұмыстары
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Д.Р.Қожахметовтың төрағалығымен заңсыз есірткі жарнамалау немесе насихаттау мәселелері бойынша, қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түсіндірме жұмыстары бойынша Қарағанды қаласының Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Бикеновтің маслихат өкілдерінің, қоғамдық көмекшілер, Қарағанды қаласының білім беру ұйымдары және колледждерінің директорларының, еріктілер және тұрғын үй басқармасы өкілдері, Қарағанды қаласының Қазбек би және Октябрь аудандарының әкімдігінің басшылары және қаланың аумақтық полиция бөліністерінің бастықтарының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Аталған жұмыс кеңесінің басты мақсаты- халықпен полиция арасында тығыз байланыс орнату және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару.
Бұл тұрғыда есірткі қылмысына және есірткі құралдарының жарнамасын таратуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енетінін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299- бабына сәйкесесірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнама жүргізу, оның ішінде елді мекендердің, тұрғын үйлердің инфрақұрылым нысандарында граффити сызбаларын немесе жазуларын тарату үшін қылмыстық жауаптылықты көзделетінін атап өткіміз келеді.
Кездесудің алғашқы сөзі Қарағанды қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Д.Р.Қожахметовке берілді. Полиция басқармасының басшысы кездесудің маңыздылығына тоқтала кетіп «Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша жұмыстарға тек полиция қызметкерлері ғана емес, жұртшылықпен қала тұрғындары да қатысқан жағдайда айтарлықтай нәтиже болады сонымен қатар тек халық пен полиция арасындағы ынтымақтастық және бірлескен күш-жігер қаладағы криминогендік жағдайдың тұрақтылығын нығайта алады» -деп атап көрсетті.
Келесі сөз кезегі Қарағанды қаласының ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.Ү.Кулькеевке берілді. Өз баяндамасында басқарма бастығының орынбасары Қарағанды қаласының аумағында заңсыз есірткі тасымалдау және жарнамалау қылмыстарын алдын алу және жою бойынша толық қанды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Тек 2019 жылдың өзінде қаланың инфроқұрылымдық нысандарының және тұрғын үйлердің қабырғасына есірткі құралдарын сату бойынша жазылған 900 –ден астам граффити-жазбалармен сайттар өшіріліп, ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде 264 жуық жарнамалар анықталды.
Жұмыс кеңесі барысында кездесу келген қала жұртшылығы полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптарын алды.
Естеріңізге сала кетсек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ІІМ алқа отырысында есірткі қылмысы бүгінгі күні бүкіл қоғамның проблемасы болып табылатынын, онымен күресте қырағылық танытып, қалада не болып жатқанына бей-жай қарамай, заңсыз фактілер туралы полиция органдарына дер кезінде хабарлау деп атап көрсеткен болатын.
Кездесу соңында Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Рахымжанұлы Қарағанды қаласы полиция бөліністерінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын және әрбір полицей Мемлекет басшысы мен ҚР Ішкі істер министрлігі қойған міндеттердің орындалуына жауапты екенін атап өтті.
Қорытындылай келе, Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері қала халқын есірткінің таралуына ықпал ететін құбылысардан аулақ болуға, есірткі қылмысына қарсы белсенді азаматтық позицияны көрсетуге шақырады.