Қаңтар айында интернет-алаяқтықпен айналысқан 6 күдікті анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айы бойынша интернет-алаяқтыққа күдікті ретінде 6 адам ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет – алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Интернет-алаяқтықтың құрбаны, Петропавл қаласының тұрғыны 500 мың теңгесінен айырылған. Алаяқ стандартты сценарий бойынша айласын асырып келді.
Жәбірленуші танымал сайттардың бірінде «Мерседес» минивэнін 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыруды көрген. Хабарландыруға қоңырау шалған петропавлдыққа «сатушы» автокөлікті одан да арзанырақ беруге дайын екендігін жеткізген. Сатушының айтуы бойынша, ол қиын жағдайға тап болған, сол себеппен қазіргі таңда шұғыл ақша кажеттігін жеткізді.Және 500 мыңды бірден аудару керектігін талап еткен. «Сатушы» шынайы қажеттілік үшін жеке куәлігінің фотосуреттін жібереді. Бурабайға шұғыл жол жүріп бара жатқанын алға тартып, жеке кездесуді кейінге қалдыруды өтінген.
Көрсетілген сомма аударылғаннан кейін «сатушы» мен жәбірленуші арасындағы байланыс үзілген. Ер адам Петропавл қаласының ІІД-не жүгінді. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіні анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
«Жәбірленуші осындай алаяқтық туралы оқып, тіпті басынан бастап алдау ықтималдығын түсінгенін мойындады, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Виталий Подчернин.
Бұл мұндай алғашқы оқиға емес. Бүгінде Интернет пайдаланушыларының басым бөлігі электрондық желілердегі алаяқтықтың негізгі тәсілдері туралы хабардар. Дегенмен, қылмыскерлер көбінесе психологиялық тәсілдерді пайдалана отырып, сеніміне кіреді. Ондай сенімді сөздерден кейін қалай сеніп қалғанын сезбей, тұтынушы алаяқтың сценарийі бойынша әрекет ете бастайды.Оның үстіне, қылмыскерлер көбінесе жеке құжаттарының суреттерін жібереді. Жіберген құжаттарына сенуге болмайды. Өкінішке орай, барлық адамдар жеке деректерді құпия сақтау қажеттілігін түсінбейді, сондықтан әр адамның жеке куәлігінің бейнесі қол жетімді болуы мүмкін және қылмыскерлерге оларды пайдалану қиын емес. Мұндай жағдайда тексерісті талап ету керек.Мысалы, жіберілген куәлікте сұхбаттасушының фотосуреттен көрінуін салыстыру үшін бейне қоңырау арқылы хабарласу керек».
Қаңтар айында СҚО-да 27 интернет-алаяқтық тіркелді. Қазіргі уақытта 8 факті бойынша 6 күдікті ұсталды.
Тәртіп сақшылары оқиғаға күдіктілерді анықтау үшін Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Екібастұз, Шар қалаларына іс-сапарлар жасауға тура келді. Жалпы саны 19 алаяқтық бойынша әлеуметтік желілерде танымал хабарландыру сервистерінде тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала ақы төлеу талаптарының әр түрлі нұсқалары келді.