Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп бұзушыларға 1,3 миллион теңгеден астам айыппұл жазылды

Түркістан облысы полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-
шарасы қорытындысымен 11 экологиялық қылмысты анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 6-қаңтары мен 5-ақпан күндері аралығында Түркістан облысының аумағында полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты-табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу,
браконьерлік, заңсыз балық аулау, ағаш кесу, табиғи ресурстарды өндіру және тағы басқа жайттарды анықтау және жолын кесу болып табылады.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс – шарасын жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаменті ЖПҚ-нің полиция қызметкерлері 11 экологиялық қылмысты анықтады, оның ішінде заңсыз балық аулау бойынша – 4 дерек , заңсыз аң аулаудың – 2, жер қойнауын өз бетімен пайдаланудың – 2 және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысудың- 2 жайты айқындалды.
Арыс ауданында Полиция департаменті ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аудандық полиция бөлімшесімен бірлесе отырып, рейд барысында Көксарай су қоймасында заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданының тұрғынын құрықтады. Ұсталған күдіктіден қайық, балық аулау құрал-саймандары және 300 келіден астам балық тәркіленді.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 335-бабы (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары жабайы жануарларды заңсыз аулаған жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат ретінде қабанның еті мен аңшы мылтығы алынды.Браконьерлік дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында
полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 253 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Тәртіп бұзушыларға қатысты 1,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, оның 950 мың теңгесі өндіріліп алынды. Тәртіп сақшылары браконьерлерден 9 аңшы мылтығы, 750 келіден астам заңсыз ауланған балық, 3 жабайы жануарлардың еті , 4 қайық және 500 метрден астам балық аулау құралдары тәркіленді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындар арасында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру