Шетел көлік құралы есебінде тұрған 212 борышкер ескертілді
Маңғыстау облысында тәртіп сақшылар 2675 айыппұлы бар борышкерлерге ескертпе хаттар таратты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Борышкерлерге салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың ақпан айының 8-16 күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шараның бірінші күнінде айыппұлды жалақыдан ұстау бағытында жұмыс орындарына 30 ұйғарым жіберілді. Тәртіп сақшылары 2675 айыппұлы бар борышкерлердің тұрғылықты жеріне ескертпе хаттар таратылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 2 млн 434 мың теңге құрайтын шетел көлік құралы есебінде тұрған 212 борышкер ескертілді.
Жалпы алғанда іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерімен 4 миллион теңгедей өндіріліп алынды. Шара барысында көлік құралын қадағалау автоматты жүйесі, электрондық планшеттер және «Автоураган» кешені арқылы әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер, сондай-ақ, көлік жүргізу құқығынан айрылған және жалған мемлекеттік белгілермен көлік тізгінін басқарып жүргендер анықталады. Айта кету керек, полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге айыппұлдары төленбеген жүргізушілерді анықтау мақсатында осындай рейдтік шаралар өткізеді. Мекемелер мен ұйымдарда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік полиция басқармасы өз айыппұлдарын онлайн режимінде egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тексеріп, төлем жасай алады, екінші деңгейдегі банктердің есептік-кассалық бөлімшелері, сонымен қатар, qamqor.gov.kz, kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay, Homebank.kz және тағы сондай сияқты интернет сайттарының мобильдік қосымшасы арқылы онлайн-төлем жасай алатыны туралы хабарлайды.