Атырау облысында орын алған өрт оқиғасы бойынша брифинг өтті
М. Өтемісова көшесінде орын алған өрт оқиғасы бойынша брифинг өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің
қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг спикерлері: қала әкімінің орынбасары Атырау Тналиев Улугбек,
қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев және Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ «ММ » бастығы азаматтық қорғау полковник Джуманов Абдулкаппар.
Естеріңізге сала кетейік, өрт ағымдағы жылдың 15 ақпанында бес қабатты көп
пәтерлі үйде болған, диспетчерлік қызмет пультіне шақырту сағат 16:22-де келіп түсті, сағат 18:18-де өрт жедел оқшауланып, сағат 18:28-де толығымен жойылды.
Абдулқаппар Жақсылықұлының айтуынша,өрттің себептері анықталуда, бірақ
бәрімізге мәлім өрт пәтердің қылтимасынан басталған, содан кейін шатырға өтіп, белсенді түрде тарай бастаған. Оқиға орнына келген соң, өрт сөндірушілер бірінші кезекте пәтерлерді тексеріп, 30 адамды эвакуациялады, содан кейін өртті сөндіруге кірісті.Өрт орын алған тұрғын үй 2011 жылы күрделі жөндеу кезінде жүргізілген жаңғырту барысында төбенің конструкциясында көптеген ағаш элементтері қолданылған, ол өз кезінде өрттің тез жайылуына себеп болды. Өрт ішіндегі температура шамамен 7000 С көрсетті ол шатырға бірден кіру мүмкіндік бермеді.Өрт сөндірушілер шатырдағы температураны су беру арқылы төмендетіп, әріқарай өрт сөндіру автосаты арқылы кіріп, шатырды ашып,іштей сөндіріп бастады. Олар жедел жұмыстар жүргізіп өрттің басқа пәтерлерге таралуының алдын алды.
Брифинг соңында журналистер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,
толық жауаптар алды. Одан кейін брифинг спикерлері жағдайды пайдаланып, БАҚ өкілдерінен «өрт қауіпсіздігін сақтау туралы» алдын алу сипатындағы
материалдарды жариялауды көптеп жариялауды сұрады.