1 тәулікте 217 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды
Алматы облысында 1 тәулікте 1200-ден астам жол қауіпсіздік ережесі бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz
Қазіргі таңда ең басты назар-жаяу жүргіншілерге аударылып отыр. Белгіленбеген жерден өту,бағдаршамға көңіл аудармау немесе көлік қозғалыстарына кедергі келтірген тұрғындар жол қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
– Патрульдік полиция жұмысының нәтижесі бір тәуліктің ішінде 217 жаяу жүргінші ЖҚЕ бұзғанын көрсетті. 36 көлік тізгіншісі жаяу жүргіншілер қозғалысына басымдық бермеді. Барлық анықталған ереже бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сондай – ақ, 6 көлік иесі ішімдік ішкен мас күйінде көлік құралын басқара отырып, қоғамдық орындарда 51 жүргізуші мас күйінде жүрді, – деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.
Жыл басынан 2100-ден астам тәртіп бұзушы-жаяу жүргіншілер анықталды. Сонымен қатар, жаяу полиция жасақтары жаяу жүргіншілер арасында алдын алу жұмыстарын жүргізіп, өткелдерінің учаскелері мен олардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағаланады.
Айта кетерлік жайт, Алматы облысының аумағында осы күндері жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖҚО алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
– Біз жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалуы үшін барлық жағдай жасалатынын есте сақтау қажет – белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері, жаяу жүргіншілер жолдары, сондай – ақ бағдаршамның рұқсат ету белгілеріне баса назар аудару керек, – деп еске салды Әшімов.