Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 дана заңсыз сақталған қару тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 6 дана заңсыз сақталған қаруды тәркіледі,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының аумағында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 25 ақпанында басталған «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты қаруды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату жайттарын анықтау болып табылады.
Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасынының алғашқы тәуліктерінде заңсыз сақталған
5 аңшы мылтығы мен 1 газды тапаншаны тәркіледі. Олардың ішінде

екі қару Түркістан облысының тұрғындарымен ерікті түрде полицияға тапсырылған.
25.02.2020 жылы Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шардара су қоймасының жанында рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде
жергілікті екі тұрғынды қолға түсірді, олардан тіркелмеген екі аңшы
мылтығы тәркіленді.
Мақтарал ауданының тұрғыны өз еркімен полиция бөліміне тіркелмеген 9 мм калибрлі газды тапаншаны тапсырған, ал Кентау қаласында тұрғынның бірі ерікті түрде тәртіп сақшыларына аңшылық мылтығын тапсырған.Сонымен қатар, «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының полицейлерімен мыңнан астам қару иесі тексеріліп, 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру