Марихуана таситын екі ірі арна жабылды
Жыл басынан бері Маңғыстауда 5 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының күшімен марихуана таситын екі ірі арна жабылды.
Есірткі заттары Ақтау қаласына әрі қарай өткізу үшін еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген.
Жыл басынан бері 5 келіге жуық түрлі есірткі құралдары тәркіленген болатын. Оның 4 келісі марихуана есірткісі.
Есірткіні таратумен айналысқан азаматтар ҚР Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, Департамент облыс тұрғындары мен қонақтарын есірткі қылмысымен күресте белсенділік танытуға, өздеріне мәлім болған барлық қылмыс фактілері туралы хабарлауға шақырады.
Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында WhatsApp +77772895480 нөмірі бар екенін еске салады.