Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткімен айналысқан ер азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері марихуана сатқан және сақтаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің «102» нөміріне белгісіз тұлға қоңырау шалып, героин мен марихуана сатып жүрген ер азамат туралы хабарлайды.

Аталған хабарлама бойынша сарыағаштық полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктіні ұстау бойынша арнайы қажетті деген іс-шаралардың барлығын ойластырып, іске асырды.

Жедел уәкілдер есірткі сатушының ізіне түсіп, оны құрықтайды. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту барысында оның жер төлесінен есірткіге ұқсас заттар табылды. Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі заттары шамамен 0,2 гргероин мен 300 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды.

Ұсталған азамат Сарыағаш қаласының жергілікті тұрғыны болып шықты.

Бүгінде ол қамалды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-баптың 3-бөлігімен және 297-баптың 1-бөлігімен қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасады.

Дәл осындай жайт Түлкібаста да орын алды. Аудан полицейлерінің табанды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотты болмаған алайда есірткіні үйінде сақтап, онымен айналысқан жергілікті тұрғын құрықталды.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде салмағы 200-ден астам граммды құрайтын есірткі затына ұқсас затты тәркіледі. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның қорытындысына сәйкес «марихуана» екендігі анықталды.

Аталған жайт, Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің  297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, солтектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайтаөңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу« бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде есірткі затын заңсыз пайдалансаңыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеді.   Егерде онымен айналысқан адамды байқасаңыз немесе қандай да бір ақпарат білсеңіз міндетті түрде полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру