Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізді

Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне 53 жастағы нан тасығыш көліктің жүргізушісі тыйым салынған заттарды түзеу мекемесіне кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Мекеме қызметкерлері рентген аппараттың көмегімен нан науасының тақталарының арасына айламен жасырлған 14 ұялы телефон, жеті қуаттағыш, бес құлаққап, 13 SIM карта және тоғыз белгісіз затты тәркіледі.


Тыйым салынған заттардың түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арналғаны белгілі болды.


Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.


Қазіргі уақытта заңнамада белгіленген тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша қажетті шаралар кешені қабылданып жатыр.

Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру