Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды
Алматы жолдарындағы көліктер саны шамамен бес есеге азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» аппараттық-бағдарламалық кешенін талдау, қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетеді.
«Бүгін сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін бейнебақылау жүйелерімен тіркелген көліктер саны 4 мың 836 болды. АШАЖ, Райымбек – Саин, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев көшелері, барлық бағытта. 11 наурыздағы осыған ұқсас уақыт аралығында көлік саны 19 мың 546 бірлікті құрады.
Бұған дейін біз қалада 35 бақылау-өткізу бекетінің ұйымдастырылғанын айтқан болатынбыз. Барлығы бір тәулікте 18 мың 798 көліктің қала ішінде жүру құқығының бар-жоғы тексерілгендігін хабарлаған болатынбыз. Қаладағы аудандық ПБ-на қалада себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізілді, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқарасының басшысы Жандос Мұраталиев.