ТЖ кезінде құқық бұзғандар анықталды
Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 267 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
9 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 267 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ
режимін бұзу) – 248 бұзушылық, оның ішінде 55 адам қамауға алынды, 107 айыппұл салынды, 20 ескерту жасалды, 60 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 19 бұзушылық анықталды, оның ішінде 12 айыппұл салынды, 6 қамауға алынды және бір материал сотқа жіберілді.
Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 15 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 айыппұл салынды және 9 материал сотқа жіберілді.
Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге күн сайын қаланың көшелері мен аулаларын патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.
Карантин енгізілген сәттен бастап (06.04.2020 ж.) төтенше жағдай режимін бұзудың 43 фактісі (ҚР ӘҚБК 476-бабы) және төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер (ҚР ӘҚБК 478-бабы) жойылды.
7 сәуір күні 30 жастағы ақтөбелік өз үйінде жұмыстастарын жинап қонақ қылған, полиция қызметкерлері оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және
жақындарыңызды қорғаңыз.