Таудың тасын заңсыз тасыған азамат жауапқа тартылды
Түркістан облысы полицейлері заңсыз тау тасын тасыған азаматты жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек АПБ-нің жергілікті полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтап, заңсыз қиыршық тас алып, тасымалдағаны үшін КАМАЗ жүргізушісін жауапкершілікке тартты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірі Қошқар-ата-Шаян тас жолы бойында қиыршық тас тасымалдаған жүк автокөлігі бар бейнежазба орналастырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері КАМАЗ жүргізушісінің жеке тұлғасын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 13 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ескертеді: Әрбір заңға қайшы жасалған іс-әрекеттердің соңы қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.