Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыс саны азайды

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде 123 құқықбұзушылықты анықтап, 43 тұрғынды қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қарқынды жұмыс атқаруы нәтижесінде былтыр үш аймен салыстырғанда биылғы жылы орын алған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайды.

Қоғамдық орында жасалған құқық бұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген.​​​​​​​

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде наурыз айының ортасынан бері төтенше жағдай режимі енгізілді. Осы тұста Түркістан облысы полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Осы кезеңдерде полицейлер тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көрілді.​​​​​

Облыс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 123 жайт анықталды. Оның ішінде 63 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды. Бір тұрғынға ескерту беріліп, 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Сотта 16 іс қаралып жатыр.

​​​​​​​Бұл құқық бұзушылық жасаған адамдардың бірі төтенше жағдайға қарамастан той, туған күн, беташар, тұсаукесер жасаса, келесілері өздерінің ойын-сауық орындарын ашып, адамдарды қабылдағаны үшін жауапқа тартылды. Ал, тағы біреулері шектелген уақытта адамдар тобы болып шоғырланғаны үшін ескерту алды.

Блок-бекетте қызметте тұрған полицейге қарсылық білдірген тұрғын қамалды.​​​​


Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді: тәртіпке бағыныңыздар, төтенше жағдай режимін бұзбаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру