Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкесі екі полицей балаларына өлең арнады

Екі полицейдің әкесі олардың ауыр қызметтеріне өлең арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел әрекет ету бөлімшесінде қызмет ететін екі полиция қызметкерінің әкесі – көпжылдық тәжірибесі бар ақын Бексұлтан Көлбаев – Бағдат Бексұлтанов пен  Ернат Бексұлтановқа өлең арнады. Ол – Отанды сүю және патриотизм туралы көптеген шығармалардың авторы, енді оның жинағында полиция қызметкерлерінің қиын қызметіне арналған өлең пайда болды.

«Менің екі ұлым да ішкі істер органдарында қызмет етеді және біз – бұны мақтан тұтамыз. Олардың жұмысы – азаматтарды қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл, әсіресе, қоғам одан да зор қорғауды қажет ететін қиын кезеңдерде өте маңызды. Ұлдарым 16 наурыздан бастап үйге келген жоқ, қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшкенде, олар казармада тұрады. Біздің халқымызға қауіп төнді, сондықтан, біз, бұл аурумен күресуде Бағдат пен Ернаттың рөлі өте маңызды екенін түсінеміз. Менің білуімше, олар бақылау-өткізу пункттерінде қызмет етеді, бірақ ұлдарым өз жұмыстары туралы көп айтпайды. Бір кеште балаларға деген сағынышым рухтандырды, мен қолыма қалам алдым және бірнеше минут ішінде барлық ойларым мен эмоцияларымды өлеңде білдірдім. Айтпақшы, мен бұл өлеңді еліміздегі қауіпсіздік пен тыныштық үшін жанқиярлықпен қызмет ететін барлық полиция қызметкерлеріне арнаймын», – деді Бексұлтан Көлбаев.

Айтпақшы, Бексултанов көп баланың әкесі. Інісі – бойдақ. Екі полиция қызметкері де жақсы: олар қызметте жақсы жетістіктерге жетіп, үнемі өз кәсібилігін жетілдіріп отырады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру