Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

15 мың теңгені онлайн рәсімдеуге көмектесті

Құқық қорғау орган қызметкерлері тыл ардагеріне коммуналдық төлемге берілетін 15000 теңгені онлайн рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай орнап, карантинның жариялануына орай Семей қаласынының кейбір тұрғын категорияларының дербес шоттарына екі ай ішінде коммуналдық қызметті төлеуге он бес мың теңге құрайтын сома жіберіледі.
Коммуналдық қызметті төлеуге арналған соманы алуға құқылы адамдардың тізіміне тылда жұмыс істеген Владимир қария да кірді. Құқық қорғау жүйесінде 40 жылдай жұмыс істеп, Семей қаласында тергеу изоляторының басшысы болып зейнетке шыққан.
Қазір ол жалғыз тұрады. Жұбайы қатерлі ісіктен қайтыс болған. Жалғыз баласы басқа облыста тұрады екен.
Коммуналдық шығындардың өтелуін ол радиодан естіген, бірақ оның берілу тәсілін білмеген. Ардагер көмек сұрап, ШҚО ОВ-156/16 ДУИС кадр аппаратына хабарласты.
ШҚО ОВ-156/16 мекемесінің кадрлық аппарат қызметкерлері керек ақпаратты жинап, оны арнайы ақпарат жүйесімен тікелей әкімдікке жіберіп көмек берді.

Бәрі білетіндей коронавирустық пандемияға орай ауруға әлсіз, әрі қауіпке тап болатынтоптардың  ішінде біріншісі ол қарт адамдар. Сондай – ақ Ішкі істер ардагері де осы топқа кіреді. Қарт адамдарға қатаң түрде өз-өзін оқшаулап, көп адамы бар жерлерден аулақ болуды қатал сақтау керек. Осындай істерге көңіл бөліп, ОВ-156/16 мекемесенің қызметкерлері қиын жағдайда өзінің ардагерлерін қолдап, қолдарынан келетін көмекті алмайтынын айтты.

“Біз өзіміздің ардагерлеріміз бен зейнеткерлерімізге әрдайым көмек беруге тырысамыз. Олар біздің құрмет пен қамқорлығымызды сезіп, өздерін жақсы сезініп, қазіргі қызметкерлерге тәлім болады деген ойдамыз. Өздерінің өсиеттерімен жастарға тәрбие беріп отыратындарына сын алғыс”, -деді Г. Абдикеева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру