Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Алматы облысында полиция қызметкерлері кезекті көп балалы отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер балаларды кәдесыйлармен, ойыншықтармен қуантты, ал көп балалы анаға азық-түлік себетін сыйлады.


Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету жөніндегі ҚР ІІМ-ның кеңейтілген науқанын Талдықорған қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері де қолға алды. Осылайша, тергеушілер мен анықтаушылар көп балалы отбасылардың біріне азық-түлік тауарлары түріндегі материалдық көмек көрсетті.

“Еліміз үшін қиын сәтте, ауырлық әсіресе аз қамтылған азаматтарға түсетінін түсініп, біз оларға азық-түлік себеті түріндегі шағын қолдау көрсетуге шешім қабылдадық. Қала аудандарының бірінде төрт баланың анасы тұрады. Балаларының арасында бала жасынан мүгедек бала да бар. Біз қолда бар қаражатқа азық-түлік сатып алып, сол арқылы мұқтаж анаға көмектесуді ұйғардық”, – дейді Талдықорған қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Абдраимов.

Өз сөзінде көпбалалы отбасы қала полицейлеріне олардың қамқорлығы мен назары үшін шынайы алғысын білдіріп, олардың еңбектеріне табыс тіледі. Полицейлерде бір отбасыға аз да болсын көмек қолын созып, қолдау білдіргендеріне риза.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру