Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік жүргізген жүргізуші қамалды

Түркістан облысының полицейлері ТЖ кезінде мас халде, құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні ұстады, ол 20 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің көшелерінің бірінде аудандық полиция бөлімшесінің ЖПҚ ППТ аға инспекторы Бақытжан Тұрсынбаев пен қызмет инспекторы Шерхан Пернеханов күнделікті жұмыстарын атқарып тұрады. Кенет «Форд Транзит» автокөлігі маневр жасау қағидаларын бұзғандықтан тәртіп сақшылары оны тоқтатады.

Тексеру барысында жүргізушінің спирттік ішімдік ішкені анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны дәлелденді. Оған қоса, құжаттарын тексеру барысында тұрғынның жүргізуші куәлігінің уақыты 2006 жылы аяқталған, алайда ол куәлігін қайта жаңартпаған, жалпы құжатсыз көлік басқарып жүргені белгілі болды. Техникалық қадағалаудан өтпеген.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) және 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу), 590-бабы (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) 612-баптарымен әкімшілік хаттамалары толтырылып, аудандық соттың шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ескертеді: жол қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар, қарсы бағытқа шықпаңыздар. Ең бастысы мас халде көлік басқармаңыздар. Бұл сіздің өміріңізбен қатар, өзге де жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіпті. Барынша сақ болыңыз!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру