Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ірі мөлшерде заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды

Қызылорда облысы аумағында заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының 1 мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.

Шара барысында 9 мамырда Арал АПбЖПҚБ-ның табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлерімен Арал ауданы Қара терең ауылының тұрғыны «Ақлақ» су бөгетінде заңсыз балық аулап жүрген жерінен ұсталды.

Ұсталған тұрғыннан резеңке қайық, ау және 254 кг-нан астам балық алынды.

 Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен алық ресурстарын заңсыз алутергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру