Қызметкерлер мен еріктілер жалғыз басты зейнеткерлерге көмектесті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының пробация қызметінің бөлімшесі еріктілермен іс-шараларды белсенді түрде өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізілген іс-шараларға пробация қызметінің профилактикалық есебінде тұрған сотталғандар тартылады. Жыл басында жасалған меморандумдар аясында еріктілермен бірқатар бірлескен іс-шаралар жоспарланған болатын, алайда ТЖ режиміне байланысты жоспарлардың басым бөлігін жүзеге асыру мүмкін болмады.
Мамлют ауданының пробация қызметінің қызметкерлері «Мамлют жастары» жастар
қанатының белсенділерімен және «Мейірімді жандар» волонтерлік клубымен бірлесіп есепте тұрған адамдардың ішінен төрт сотталғанды тарта отырып, екі жалғыз басты әжелерге көмек көрсету бойынша акция ұйымдастырды.
Атап айтқанда, бірлесіп бау-бақшаларды қопсытып, 1937 жылы туған А.Поблагуеваның бақшасына картоп отырғызды. Сонымен қатар, үй қоршауларын жөндеді.
Қызметкерлер мен волонтерлер үшін ең жақсы марапат – алғыс білдірген әжелердің қуанышы болды.