Келестік полицейлер түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтады
Келес аудандық полиция бөлімшесінің Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция тобы
инспекторлары және Келес ауданы әкімшілігінің жастар орталығы мамандары бірлесіп Абай ауылында түнгі профилактикалық рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, олардың беймезгіл уақытта жүруінің алдын алу болып табылады. Түнгі рейд барысында полицейлер ауыл көшелерін аралап, карантин режиміне байланысты жабық тұрған мекемелерді де мұқият тексеріп шықты.
Тәртіп сақшылары төрт кафе, екі ойын-сауық орындарын қарады. Кәмелет жасына толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалап, тиісті жұмыстарды жүргізді. Қорытындысында түнгі сағат 22:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен үш хаттама толтырылды.
Одан бөлек аудан көлемінде кафе және басқа да мекемелерде түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңсыз жұмыс істеулері бойынша да жұмыстар атқарылып, тұрғындарға осы бағыттағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осылайша, полицейлер тарапынан іске асырылған тексеру жұмыстарында біршама олқылықтар анықталып, мұндай жағдайлардың қайталанбауы жасөспірімдерге, түрлі ойын-сауық орталықтарының иелеріне, ата-аналарға ескертіліп, түсіндірілді. Сонымен қатар, ювеналды полиция инспекторлары, жастар және олардың ата-аналарымен профилактикалық
әңгімелесулер өткізіліп, тиісті кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндірді.