Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттаған күдікті қамауға алынды

Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған суицидтік топтың «кураторы» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау бойынша Интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат анықталды.

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау бойынша оған қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.


Полиция қызметкерлері әрі қарай тексеру жұмысын жүргізу барысында интернет желісіндегі ұйымдастырушының жеке-бас деректері мен мекен-жайын анықтады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Тінту кезінде күдіктіден ноутбук, ұялы телефон, үш қорап сим-картасымен және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефоннан суицидке бағытталған телеграм арналары табылды.
Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

– Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеріп жатыр. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтайды, – деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

ІІМ ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру