Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 32 жүргізуші мас боп көлікке отырғаны үшін жауапқа тартылды


СҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт күн бойы тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін сақтауын күшейтілген түрде қадағалады.

Бұзушылықтардың басым бөлігі – қауіпсіздік белбеуін елемеу, олардың саны – 435. Сондай-ақ, 256 жүргізуші автокөлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған.

– Өкінішке орай, көптеген жүргізушілер өзіне қолайлы болуы үшін жол жүрісі ережелерінің талаптарын елемейді, – дейді бұл жөнінде СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.
Алайда жол-көлік оқиғасы орын алған кезде жүргізушіні жолдағы жағдайдан алаңдатқан телефондағы әңгіме де, қауіпсіз белдігін тақпай өзіне сенімді болуы да маңызды болмайды. Заңның әр нормасы жолда қайғылы жағдайдың орын алуын барынша азайтуға бағытталғанын есте сақтаған жөн.

13 автомобиль иесі көлік құралын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылды, оның төртеуі – талаптарға сәйкес келмейтін ксенон шамдарын орнатқандар. Полицейлер: көлікке таққан арзан шамдардың ақыры жақсылыққа апармайтындығын, қарсы бағыттағы жүргізушінің көзін фара жарығы шағылыстыратынын ескертеді. Дұрысы сертификатталған тауарды таңдап, көлікті қайта жабдықтауды заңмен белгіленген тәртіпте жүргізген абзал.

Төри күннің ішінде анықталған өрескел бұзушылықтың ең көбі – 32 факті бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, 55 факті маневр жасау қағидаларын бұзу. 45 жүргізуші көше қиылыстары мен өткелдерде жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеген. Бұдан басқа, 32 жүргізуші көлікті басқару құқығынан айырылған, соған қарамастан масаң күйде рөлге отырған. Оның біреуі 28 жастағы петропавлдық сенбілік кешкісін Жамбыл көшесінде тоқтатылған, медициналық куәландыру кезінде орташа дәржедегі масаңдық екені анықталды.

Полицейлер барлығы жедел-профилактикалық іс-шара барысында екі мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру