Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

90-нан астам солтүстікқазақстандық тиісті құжаттарсыз мотоцикл жүргізген

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері скутерлер мен мотоцикл жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы жөнінде өткізілген республикалық акцияны аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңызды проблемалардың бірі: жасөспірімдердің скутерлерге әуестігі. Мысалы, Партизанская көшесінде скутермен келе жатқан жас петропавлдық тоқтатылды. Бала тәртіп сақшыларын жол ережесін білемін деп сендірді. Алайда, ол бұл көлікті 16 жасқа толғаннан кейін, яғни екі жылдан соң ғана басқара алатынын білген жоқ. Полицейлер оның ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы «Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі және (немесе) білімі, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы» бойынша хаттама толтырды.

– Балаға скутер сатып алмас бұрын, жол ережелерін мұқият оқып шығу керек, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Бұл болашақ жүргізушінің білім деңгейін бағалау үшін қажет. Ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспайтын мопедтер мен оларға теңестірілген көлік құралдарын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмесе де, жол қозғалысы ережелерін толығымен сақтау қажет. Сондықтан акцияның мақсаты – түсіндіру, насихат жүргізу жұмыстарына негізделді. Бастысы барлық жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі жайлы жеткізу болды.


Соған қарамастан, жеті күн ішінде облыс жолдарында мотоциклисттер жол берген 278 бұзушылық анықталды. Ең көп кездесетіні – тиісті құжаттардың болмауы. Осындай 91 факт анықталды. Сонымен қатар, тоғыз жүргізуші жылдамдықты асырды, үшеуі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралының рөліне отырған, жетеуі жолдың белгіленген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол бермеді. Мотоциклистер тарапынан алаңдатушылық туғызатын тағы бір жайт – тыныштықты бұзу. Акция барысында осындай 21 факт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру