Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 101 жастағы тұрғынына құжат берді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Уәлиханов ауданының 101 жастағы тұрғынына құжат берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының облысының 700 жуық азаматына үйлерінде құжат берілді.

– Мүгедек, уақытша тасымалдауға келмейтін және егде жастағы азаматтар үйлерінде құжаттандырылды. Облыстың көші-қон қызметінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкерлерімен бірлесіп осы санаттағы азаматтарды құжаттандыру үшін қаладан басқа, шалғайдағы ауылдық округтерге де шығуды жүзеге асырды, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.


Көкіл Жақыпова Уәлиханов ауданындағы Қайрат ауылында тұрады. СҚО тұрғыны 101 жаста. Жеке куәлігі берілген сәттен 10 жыл өткен, соған байланысты құжат мерзімі аяқталған. Көші-қон полиция тобының аға инспекторы Ержан Хамзин мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілі Жанар Сәрсенбаева құжат беру үшін қарияның үйіне барған. Тұрғылықты жері бойынша барлық қажетті қызметтер, оның ішінде суретке түсіру қызметі көрсетілген.

Барлығы 2020 жылдың басынан 30 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жеке басын куәландыратын құжат алды. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері 9 944 адамға жеке куәлік пен паспорт ресімдеген. ТЖ режимі кезеңінде құжат мерзімі өткен азаматтар 10 шілдеге дейін құжаттарын ауыстыру қажеттігін естеріңізге саламыз. 600 жуық шетелдік жыл басынан ҚР тұрақты тұруға арналған рұқсат пен тұру ыхтиярхатын алған, олардың дені Ресей Федерациясының азаматтары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру