Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полиция басшылығы азаматтарға жақындады

Алматы облысының полиция басшылығы азаматтарға жақындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жолда қабылдау» акциясы Алматы облысы аумағында барлық жерде полиция басшылығы мен құзыретті қызметкерлері бар мамандандырылған пункттер халыққа көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, көші-қон заңнамасын түсіндіру, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету және т. б. мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер саласында кеңестік және құқықтық көмек көрсету мақсатында автоцондар, парктер аумағында өз қызметін көрсетіп жатыр.

Азаматтарды қабылдау екі күн 17,18 шілде таңғы сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады. Акция сыңдарлы диалог түрінде өтеді.

– «Жолдағы қабылдау» – бүгінде көпжылдық тәжірибесі бар дәстүрлі полиция қызметінің акциясы болып табылады. Осы акция азаматтарға жол қауіпсіздігі және облыс полициясы қызметінің басқа да мәселелері саласында құқықтық және кеңестік көмек көрсетеді. Осы мақсатта тұрғындар арасында белсенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, азаматтармен тілдесу арқылы жол-көлік оқиғаларын алдын алу және болдырмау, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер аясында пікірлерін біліп, оны жақсартуға болады. Арнайы әлеуметтік бейнероликтерді халыққа көрсету арқылы алдын алу жұмыстарды жүргіземіз. Аталмыш ақцияның әр кезде де өзіндік ерекшеліктері бар және онысымен құнды, – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Бақыт Алпысов.

Полиция қызметкерлері бұл акцияны жыл басынан осымен бесінші рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Әр жолы полиция қызметіне қатысты түрлі сұрақтармен жүздеген азаматтар жүгінеді, олардың негізгі бөлігін жол қозғалысын ұйымдастыру және әкімшілік айыппұлдарды төлеу мәселелері, қала тұрғындарының оң пікірлері құрайды және олардың аз ғана бөлігі аймақтың полиция қызметкерлерінің жұмыстарына шағымдары түсіп жатады. Осыған байланысты, полиция азаматтарға жақындап, әрі қарай халықтың игілігі үшін барлық ыңғайлы жағдайларды қабылдауға дайын.

– Айта кету керек, акция ертең, 18 шілдеде, таңғы сағат 9-дан 19.00-ге дейін жалғасады. Осыған байланысты, полиция қызметіне деген сауалдар мен тілектер бар Алматы облысының барлық тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамыз. Акция облыстың барлық аудандарында өтуде. Оның нақты мекен-жайларын азаматтар департаменттің ресми сайтында немесе әлеуметтік парақшаларынан ала алады, – деп қорытындылады  Бақыт Алпысов.

Естеріңізге сала кетейік, акция қатаң түрде барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізіледі. Азаматтар онлайн режимінде сұрақтар қояды. Конструктивті диалогтың бір түрі ретінде «8(7282) 608715 жедел желі» арнасы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру