Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» Республикалық жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» Республикалық жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 25 шілдесі мен 30 тамызы аралығында экологияны жақсартуға, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауын дамытуға, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың экологиялық заңнаманы бұзуының және қоршаған ортаға зиян келтірудің жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» Республикалық жедел алдын алу шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге 70-тен астам адам, оның ішінде 56 полиция қызметкері, Төтенше жағдай  департаментінің 15 қызметкері және Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының үш инспекторы жұмылдырылды.

Төрт күн ішінде полицейлер, ТЖД және Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің күшімен 16 ауқымды рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, онда балық кәсіпшілігі учаскелері, су айдындары, жағажайлар және азаматтардың суға шомылу орындары тексерілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігінің 6-тармағы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша бір қылмыс тіркеліп, 400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБК 364-бабы бойынша «Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу«  127, ҚР ӘҚБК 434-бабы «Ұсақ бұзақылық«  53, ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орында масаң күйде болу« – 59, ҚР ӘҚБК 505-бабы негізінде – 160.

Сонымен, 26 шілде күні облыстық аумақтық инспекциямен бірлескен рейд барысында Ырғыз-Нұра тас жолында Ырғыз ауылы тұрғынының басқаруындағы «Камаз» маркалы жүк көлігі тоқтатылды. Көліктен Ырғыз ауданы Торғай көлінің қорғалатын табиғи аумағынан заңсыз ауланған 41 кг 90 грамм сазан балығы табылды. Тексеру барысында көлемі 6*6 см және ұзындығы 100 метр желі тәркіленді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру