Ақтөбеде тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды
Ақтөбе облысында қымбат көлікті лотереяға тігу сылтауымен тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Өз мүлкіңізді немесе ақшаңызды бейтаныс адамдарға бере отырып, мұқият болыңыз. Сіз өз мүлкіңізге қатысты қауіпсіздік шараларын қолдануыңыз қажет.
Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны бас жүлде «Toyota Camry 50» автокөлігі тігілген лотерея билеттерін ұсыну сылтауымен Ақтөбе қаласының 48 жастағы тұрғынына тиесілі 2 млн.теңге ақшаны иеленді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.