Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан іздеудегі 20 қылмыскерді ұстады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тонауда күдіктіні ұстап, ресейлік әріптестеріне қылмысты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздестіру ісі сәуір айының басында ашылған. Ол кезде ресейлік полицейлерден Амур облысы Тында қ. қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 24 жасар азаматқа қатысты бағдар келіп түскен болатын. Онда екі жігіт дүкенді тонаған. Күдіктілердің бірі РФ нәпақа тауып жүрген СҚО тұрғыны болып шықты. СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, іздеудегінің жүрген жерін анықтады. Ол жалдамалы пәтерде тұрған және әр түрлі жұмыс істеген. Ұсталған қылмыс жасағанын мойындады. Оның айтуынша, олар сыбайласымен 25 мың рубльдай олжалаған.

– Қылмыскерлерді іздестіру жұмысы департамент басшылығының ерекше бақылауында, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұлов. – Басқа мемлекеттердің аумағында соттан жасырынып жүрген күдіктілерді іздестіру жұмыстың ерекше бағыты. Аталған жұмыс желісі мемлекетаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер жақын шетелдегі әріптестері үшін 12 қылмыскерді іздеп тапты, барлығы РФ сұрауы бойынша, бес жағдайда іздеудің бастамашылары Омбы облысының полицейлері болды.

Жыл басынан СҚО полицейлері 20 қылмыскерді іздеп тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру