Атырауда «Таза Қазақстан» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде
Атырауда «Таза Қазақстан» жедел-
профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындардың көп жиналатын жерінде рейд жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау полицейлері мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды іске асыруға бағытталған Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, «Таза Қазақстан» жедел-
профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара барысында полицейлер тұрғындардың жаппай келу орындарында, атап айтқанда, Атырау қаласы мен аудандар аумағында Жайық өзені жағалауларында, сонымен қатар, Индер ауданы аумағындағы Тұзды көл, Жылыой ауданындағы Қамыскөл демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
30 шілде күні қаланың Ескі базар тұсында Жайық өзенінен заңсыз құрылған қара балықтарды аулауға арналған ау-тор жарақтарын, Атырау ықшам ауданы тұсында өзен жағалауындағы қамыс арасынан қолдан жасалынған шағын қайықты тауып, тәркіледі.
Жалпы мұндай шағын қайықтарды балық аулаушылар Жайық өзеніне салынған ау-тор жарақтарды тексеріп қарау үшін пайдаланады.
Өзен бойларынан табылып алынған ау-тор жарақтар, шағын қайықтар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Ақжар поселкесі тұсында Жайық жағалауында карантиндік шектеулерді ескермей, белгіленбеген жерлерде суға түсіп жүрген ересектер мен балаларды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК 364-бабымен, жағалауда отырып, айналасына тағам қалдықтары мен қоқыстарды тастап, ластаған екі тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен хаттамалар рәсімдеді.
Шара барысында карантиндік шектеулерді бұзып, белгіленбеген орындарда балық аулаған, өзен-көлдерде суға шомылған, басқа да бұзушылықтар анықталды.
Атырау полицейлері «Таза Қазақстан» шарасы басталған 23 шілдеден бері 80-нен астам құқық бұзушылықтарды анықтады.