Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер көпбалалы анаға көмектесті

Сарыағаштық полицейлер «Құрбан айт» қарсаңында құрбандық шалып, қойдың етін көпбалалы ананың үйіне апарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасауды әдетке айналдырған.Құрбан айт қарсаңында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен және жеке құрам қызметкерлерінің қолдауымен тағы бір ізгі амал жасалды. Аудандық тәртіп сақшылары бір қойды сойып, құран бағыштады. Содан, сойылған қойдың етін күйеуі қайтыс болып, бес баланы жалғыз өсіріп отырған ананың үйіне апарып берді. Осылайша жұмыссыз отырған әйелге кішкене де болса қол ұшын созды.

Өз кезегінде көпбалалы ана Эльмира Оңғарбаева полицейлерге разы болып, қызметтеріне табыс тіледі.

– Жалғызбасты анаға демеу болып, бір қойдың етін әкелгендеріңе алғысым зор. Қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын. Полицейлердің халыққа қамқор екендігін көріп, ризамын!, дейді көпбалалы ана.

– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болу біздің күн тәртібімімізден түскен емес. Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмек береміз. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек, – дейді сарыағаштық полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру