Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 тамызда Павлодар қаласында сағат 09:50-де Баймолдин-Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында «Лада Ларгус» және «Тойота-Камри» маркалы автокөліктердің соқтығысуы орын алды.

Одан әрі «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі қозғалысты жалғастырып, қоқыс контейнеріне соғылды, содан кейін «Ауди» және «Лада» автокөліктеріне соғылған. Кейін, қозғалысты жалғастырып, Совхозная 25/2 көшесіндегі үйдің қабырғасына соғылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Лада Ларгус» автокөлігінің үш жолаушысы дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Осы факт тіркелді, тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру