Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері жыл басынан заңсыз айналымнан тоғыз тоннадан астам балық тәркіледі

Атырау полицейлері  жыл басынан заңсыз айналымнан тоғыз тоннадан астам
балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Браконьерлік қылмыстары үшін жауапкершіліктің
қатаңдатылуы, жүргізген алдын-алу, іздестіру шаралары нәтижесінде және карантиндік шектеулер
балық саласындағы құқық бұзушылықтар санының азайуына әсер етті,- деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Полиция қызметкерлерімен бірқатар алдын алу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 337 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның 305-і балық өнімдеріне қатысты.

Жыл басынан барлығы 57 қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы «Балық аулау ережелерін бұзу» бойынша 276 әкімшілік хаттамалар толтырылып, құқық бұзушыларға
3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, оның бір жарым миллион теңгеден астамы өндірілді.

Заңсыз айналымнан тоғыз тоннадан астам балық, оның ішінде бір тоннаға жуығы бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, алынды, сонымен қатар,
300-ге жуық ау және жүзу құралдары да тәркіленген.

Облыс полицейлерімен браконьерлікпен, балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру