Талғарлық ұры қоғамдық көліктерде қалтаға қол салып келген
Талғар ауданының полицейлері қоғамдық көлікте қалта ұрлығын кәсіп қылған ұрыны әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті №203 автобустағы бір жолаушының ұялы телефонын үптеп кеткен.
– Қалта ұрлығы, көп жағдайда, адамдар көп жиналатын жерлерде жасалады. Қоғамдық көлік – бұл үшін ең ыңғайлы орын. Қоғамдық көлік жолаушыларының заттары таңертең және кешке қолды болатыны да ешкімге құпия емес. Көбінесе, жәбірленуші затының жоғалғанын бірден байқамайды және бірнеше сағаттан кейін полицияға жүгінеді. Бұл өткізілген уақыт ұрылардың пайдасы үшін қажетті сәт. Дегенмен, тәртіп сақшылары қалта ұрлығын жасаған адамдарды анықтау және ұстау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді, – деді Талғар аудандық Полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым.
Осындай ұрылардың бірін полиция қызметкерлері жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін келесі күні ұстады. Тергеу барысында қылмыстың №203 маршруттық автобус салонында таңғы бес шамасында орын алғаны белгілі болды. Жолаушы шалбарының қалтасындағы ұялы телефонды қалта ұрысының қаә сәтте ұрлап кеткенін байқамай да қалған.
– Із кесушілер күдіктінің ізіне түсті. Полиция қызметкерлері қылмыс орнында болғандардан сұрап, күдіктінің белгілерін анықтады. Жарты сағаттан кейін ол ұсталды. Ұсталған адамның аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол Талғар қаласының 56 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы мұқият тексеріледі, – деп атап өтті Қасым.
Полиция азаматтарға өздерінің мүліктеріне мұқият болу керек екенін ескертеді: құнды заттарды әрқашан киімнің ішкі қалтасында ұстап, сақ болу қажет.