Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 47 қылмыстық іс қозғалған

Маңғыстау облысы Полиция департаменті браконьерлікке қарсы күресу бағытында 2020 жылдың жеті ай ішінде атқарылған жұмыстар нәтижесін шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бастап Полиция департаменті және қала, аудандық ішкі істер бөлімдерімен облыс көлемінде өсімдіктерді қорғау және браконьерлікке қарсы күрес аясында бірнеше арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 47 қылмыстық іс қозғалған. Бұл былтырғы 2019 жылымен салыстырғанда төмендегені байқалады. Тіркелген қылмыстардың ішінде балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау (ҚР ҚК-нің 335-бабы) бойынша 15 дерек; заңсыз аңшылық бойынша (ҚР ҚК-нің 337-бабы) – 3 дерек; өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттармен заңсыз айналысу бойынша (ҚР ҚК-нің 339-бабы) – 29 дерек тіркелді.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 257 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған. Оның ішінде:

– жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 52 хаттама толтырылып, сәйкесінше құқық бұзушыларға 32 825 теңге айыппұл салынып, мемлекет кірісіне 25 880 теңге өндірілді.
балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) – 56 хаттама толтырып, 792 840 тенге айыппұл салынып 419 795 теңге өндірілді.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) – 115 хаттама толтырып, 493 670 тенге айыппұл салынып, 267 670 теңге өндірілді.Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 2 090 келі бекіре тұқымдас балығы және бір келі бекіре тұқымдас балықтарының қара уылдырығы анықталып, тәркіленіп алынды.

– Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері жүктеме жоспар бойынша жыл басынан бері біршама жұмыстар атқарып, рейдтік шаралар ұйымдастырды. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында тапжылмай еңбек етуде, – деп департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев айтып өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру