Бір тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 79 фактісі анықталды
Ақтау қаласында бір тәулік ішінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 79 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір тәулік ішінде Ақтау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері қызметін өткеру кезінде 70-тен астам машинаны тоқтатты. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін ұсақ бұзудан бастап, қызыл түске өту және мас күйінде көлік жүргізу сияқты әр түрлі құқық бұзушылықтар жасаған. Нәтижесінде патрульдік полиция инспекторлары 79 әкімшілік хаттама толтырды. Соның ішінде ұялы телефонды пайдалану үшін тоғыз жүргізуші, бекітілмеген белбеу үшін 13 жүргізуші жауапқа тартылды. Бес жүргізуші сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзып, бес адам қалада көлік жүру құқығынсыз жүріп, әкімшілік хаттама толтырылып, олардың темір тұлпарлары айып тұрағына қамалды.
Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қолайсыз ауа-райында және түнгі уақытта мұқият болу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолында, әсіресе балалардың күтпеген жерден пайда болуы мүмкін жерлерде жылдамдықты алдын ала төмендету қажет екенін айтады.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрақты негізде жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізеді.