Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз құм өндіріп, тасыған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз құм өндіру фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасыаясында Шардара АПБ-не жергілікті тұрғынның бірі Жаушықұм ауылында заңсыз құм қазып алып, тасымалдап жатқандығы туралы ақпарат келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша Шардара АПБ-нің ЖПҚБ-нің табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Бекмұхаммед Теңгебаев оқиға орнына шықты. Тексеру барысында үш жергілікті тұрғын «КамАЗ» жүк көлігіне шамамен сегіз куб шағыл құм артып келе жатқан жерінен ұсталды.  Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларға құмды қазып алынған жеріне қайта  төктіріп, жүк көлігін тәркілеп,айыптұрағына қойды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдап, тұрғынның қоршаған ортаға келтірілген залалын бағалау үшін Түркістан облысы экология департаментіне жолданды. Жалпы, Шардара АПБ-нің қызметкерлерімен жыл басынан бері осындай заңсыз құм қазып алып, тасымалдауға  байланысты сегіз жайт тіркеліп, құжаттары тиісті органға жіберілген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру