Карантин режимін бұзатын ақтөбеліктер саны азаяр емес
Ақтөбе облысында карантин режимін бұзудың 785 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД-нің қызметкерлері 5 шілдеден бастап елімізде енгізілген карантиндік режимді бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 785 бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде заңсыз жаппай салтанатты, еске алу іс-шараларын өткізудің 71 фактісі анықталды, оның ішінде үйлену тойларын өткізу фактілері де бар. Осындай фактілер Ақтөбе қаласы, Шалқар, Байғанин, Ырғыз және Алға аудандарында анықталды.
Мысалы, 10 тамызда Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғыны салтанатты, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, өз ауласында үйлену тойын өткізгенін анықтады. Полиция қызметкерлері осы факті бойынша шешім қабылдау үшін облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне материалды жіберілді.
Сонымен қатар, карантин режиміне қарсы немесе санитарлық режимді бұзып, жұмыс істеген дүкендерге, сауда орталықтарына қатысты анықталған 184 бұзушылық тіркелді.
Жалпы, барлық анықталған бұзушылық фактілері бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырып, Облыстың тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне шаралар қабылдау үшін жіберілді.
Полиция департаменті ақтөбеліктерді карантин режимін сақтауға, бұқаралық іс-шараларды өткізбеуге және қатыспауға, сондай-ақ қоғамдық орындар мен адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде қажетті жеке қорғану құралдарының барлығын қолдануға шақырады.