Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушілер тәртіп сақшыларына пара бермек болды

Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент-Самара тас жолында Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін полицейге пара бермек болған «Камаз» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. «Пара беру» ретінде қаралатын құқыққа қарсы әрекеттер туралы патрульдік полиция тарапынан бірнеше рет ескертулерге қарамастан, заң бұзушы пара берген. Мұның бәрі патрульдік полиция батальоны полицейлерінің бейнежетондарына түсірілген.  Ер адам өз ісін толық мойындады. Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: 590-бап (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқаружәне 602-бап (Көлік құралдары жүргізушілерінің тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық құралдарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану ережелерін бұзуы).

Дәл осы күні Сарыағаш ауданында ӨҚБ қызметкерлері, тәртіп сақшыларына жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны жасыру үшін пара бермек болған тағы бір күдіктіні ұстады. Сарыағаш ауданының тұрғыны «Ваз» автокөлігінің жүргізушісі өзінің құқық бұзған әрекеттері үшін полицейлер тарапынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біле тұра, оны болдырмау мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне ақша ұсынған. «ВАЗ» жүргізушісінің бұл заңсыз әрекеттері тәртіп сақшыларының видеожетондарына тіркелген. Құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды: 230-бап (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 593-бап (Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 612-бап (Құжатсыз және көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы).

Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара берубойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын  тағы да ескертеді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізушілерді және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырады: жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және ең бастысы, мас күйде көлік басқармауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру