Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күндіз пәтерге ұрлыққа түскен көрші анықталды

Түркістан облысында ұрлыққа түскен көрші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт  АПБ-не   жергілікті тұрғын  арызданып келген. Ол өзінің арызында  түскі уақытта белгісіз  тұлға үйіне заңсыз кіріп, құны 30 мың теңгелік алтын  жүзігін жымқырып кеткенін хабарлады.

Қылмысты ашу мақсатында  Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шықты. Тәртіп сақшылары жүргізілген шаралар нәтижесінде күдіктіні екі сағат ішінде анықтап, қолға түсірді. Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол заңсыз көршісінің үйіне кіріп, алтынды ұрлап, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген.

Анықталғандай ол бұрын сотты болған. Күдіктінің бас шарасы «ешқайда кетпеу туралы қолхатта». Аталған жайтты Қазығұрт АПБ-ның қызметкерлері  ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған баппен тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді. Үйлеріңізге мықты құлып орнатып, аулаларыңызды жарықтандырып, әйнектеріңізге темір жасатыңыздар. Егер де ұрлықтың құрбаны болсаңыз, тез арада «102″ нөміріне хабарласаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру