Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қалта ұрысы банк картасын қолды қылды

Ақтөбелік полиция қызметкерлері қалта ұрлығымен айналысқан ұрыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамызда ұры «Шағын маркет» дүкенінде күртешенің қалтасынан «Kaspi Gold» банк картасын ұрлаған.

Ұрланған картаны пайдалана отырып, 84 мың теңгеден астам сомаға азық- түлік сатып алған. Заттай айғақ ретінде банк картасы тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Қоғамдық көліктер мен дүкендерде, адамдар көп жиналатын орындарда қалта ұрыларынан сақ және абай болыңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, мүліктеріңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаңыз, – деді ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру