Жануарға қатыгездік көрсеткен тұрғындар анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жануарға қатыгездік көрсетудің фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да ауылдық екі баладан жануарға қатыгездік көрсетудің фактісі бойынша куәгер ретінде жауап алуға тура келді. Олардың біреуі көз алдындағы көріністен кейін ересек жерлестерін «жауыздар» деді.
22 тамыз Большая Малышка ауылының тұрғыны үш ауылдасының оның итін сойып жегендігін айтып полицияға жүгінген. Өзінің олардың біреуіне 6 мың теңге ақша берешек болғанын, итін қарызының орнына бергенін, бірақ төрт аяқты досын үй күзетеді деп ойлағандығын айтқан. Алайда, үш жолдас итін басқаша мақсатта пайдаланған. Олар жануарды сойып, Есіл өзенінің жағасында отқа пісіріп жеген. Жақын маңда балық аулап отырған 12 және 16 жастағы екі ер бала қатты соққынын дыбысын және иттің қыңсылаған дауысын естіген. Жағалаумен үйіне кетіп бара жатқан баланың біреуі үш ауылдасының қызғылт сары итті ағашқа асып қойып, мүшелеп жатқандарын көрген. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 1987 жылы туған күдікті ұсталды, онымен бірге болған 1986 және 1982 жылы туған екі сыйбайласынан жауап алынды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік жасау) бойынша тіркелді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттелу түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.
– Оқиғаға қатысушылардың бірі иттің етін жеуден бас тартса да, үшеуі де өз әрекеттерін айып тағатындай деп есептемейді, – деп атап өтті Қызылжар ауданы ПБ бастығы Әлихан Байқадамов. – Сот олардың пікірін өзгертеді деген сенімдеміз. Заңмен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделген.