Қызылордалықтарды ПД басшысы онлайн қабылдады
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды бейнеконференция байланыс жүйесі арқылы қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел қорғаны тәртіп сақшыларының қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенеді. Халық көкейіндегі мәселелерді шешу және олардың конституциялық құқықтарының қорғалуы Полиция департаментінің басты назарында.
Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес жазылған азаматтарды қабылдайды.
Жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментіне 2500-ге жуық өтініш келіп түсіп, әрбір өтініш бойынша тиісті тексерулер жүргізіледі. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаментінің басшылығы тарапынан заңнамаға сәйкес қатаң бақылауда. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды. «Азаматтардың өтініштерін» жазбаша түрде «Казпошта» қызметі арқылы және электрондық пошта арқылы қаралады.
Сонымен қатар, қылмыстық процеске қатысушылар қозғалған қылмыстық істер шеңберінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, жедел тергеу қызметкерлеріне жүгіне алады.
Карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты ІІМ–нің нұсқауына сәйкес Полиция департаментінің бірінші басшыларына онлайн-режимде азаматтарды қабылдауға рұқсат берілген.Осыған байланысты, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Султан Бектөре онлайн режимде өткен жеке қабылдауында тоғыз азаматты қабылдады. Олардың қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сол қылмыстық істердің аясында түсіндірмелер берілді. Тергеушілермен жедел уәкілдерге тиісті тапсырмалар беріліп, қылмыстық істердің тергелуі басшы құрамның бақылауында болатындығы ескертілді.
Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады.