Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 319 интернет алаяқтық фактісі анықталды

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жасалған алаяқтықтың 319 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта Ақтөбе облысы аумағында интернет желілерінде жасалатын алаяқтық  жағдайлары жиілеп кетті, алаяқтар өз құрбандарының банктік шоттары мен карточкаларын пайдаланған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағы 2-бөлігінде ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

– Жыл сайын алаяқтар алдаудың және азаматтардан ақша алудың барған сайын күрделі әдістерін қолданады. Егер бұрын алаяқтар телефон арқылы қоңырау шалып, полиция қызметкері болып танысса, ұсталған азамат үшін ақша талап етсе, қазір алаяқтық жаңа интернет технологияларын пайдаланып, онлайн несие рәсімдей отыра, жасалады, – дейді Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Тамыз айының соңында Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға шағымымен хабарласқан. Оның айтуынша, алаяқтар «balzhan aqsha halykka» парақшасымен «Instagram» әлеуметтік желісін пайдаланып, ақша қаражатын екі есе көбейту сылтауымен 15 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденіп алған. Қыз «Kiwi» әмияны арқылы ақша аударған.

Сондай-ақ, интернет алаяқтық жасағаны үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында киберқылмыспен күрес тобының қызметкерлері 21 жастағы жігітті ұстады, ол «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы ақша қаражатын жылжыту сылтауымен бірнеше рет интернет алаяқтықпен айналысқан, парақшада «WhatsAрp» мессенджеріне тіркелген нөмірлер арқылы азаматтарға тікелей хабарласатын болған. Ақша әртүрлі «Kiwi әмияндарына» және «Kaspi Gold» төлем картасына аударылды.

Күдіктінің ҚР түрлі өңірлерінен келген 15-тен астам алаяқтық фактісіне қатыстылығы анықталды. Күдікті Ақтөбе қаласының УҰИ-на қамалды.

Облыс ПД бастығы А. Арыстановтың айтуынша, біздің азаматтарымыздың басты мәселесі – олардың сенімді және тез әрі оңай баюға ұмтылысы.

Осыған байланысты, азаматтарға қырағы болу және жеке ақпаратпен, оның ішінде банк карталарының нөмірлері, ПИН-СМС-кодтар туралы ақпаратпен бөліспеу және ақшаның тез өсуі туралы алдамшы ұсыныстарға сенбеу қажеттігі туралы кеңес береміз.

Күдікті SMS, қоңыраулар, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернетте тартымды ұсыныстар түскен жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз немесе банктегі шоттарыңыз бен несие тарихыңызды тексеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру