Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам пәтерден ұялы телефон ұрлаған

Түркістан облысында полицейлер ұялы телефон ұрлаған күдікті ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті азамат арызданып келеді. Ол арызында тұрып жатқан жалдамалы пәтерінен өзіне тиесілі 60 мың теңгелік «HUAWEI» маркалы ұялы телефоны мен 25 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 85 мың теңгені құрады.

Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнына келген аудандық полицейлер күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды жасады. Куәгерлерден сұрастырып, оқиға болған орынды тексерді.

Полицейлердің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер азамат ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті жабірленушінің танысы болып шықты. Жергілікті тұрғын жеңіл жолмен пайда табу мақсатымен ұрлыққа барған. Сондай-ақ күдікті жәбірленушімен бірге тұратыны белгілі болды. Тәртіп сақшылары телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, жабық жерде немесе сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру