Отбасы күні: Текелі полициясы үлгілі қызметкерлерді құттықтады
Текелі полициясы үлгілі қызметкерлерді Отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Текелі қалалық полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері отбасы – бұл үй, ата-ана және жақын адамдар екенін тағы еске салды. Сонымен қатар, бұл – қамқорлық және қуаныш. Бұл – махаббат пен бақыт. Отбасы – бүкіл өмір жалғасатын іргетас.
«Біз бәріміз отбасында туыламыз, ал ер жеткеннен кейін өз отбасымызды құрамыз. Біз Отбасы күнін ескеріп, Пак отбасын құттықтадық. Бұл отбасындағы ерлі-зайыптылар полиция қызметкерлері болып табылады. Маржан Пак бүгінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы болып жұмыс істейді. Ол ішкі істер органдарында он жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді және ол полиция капитаны. Бүгінде ардақты ана үш ұл тәрбиелеп отыр. Маржан – үлгілі қызметкер, мейірімді ана және адал жар. Оның күйеуі Юрий Пак та полиция қатарында қызмет етеді және бүгінде ол подполковник атағында», – деп ерекше атап өтті Текелі қаласының ПБ бастығы Ұлан Садыков.