Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушы жол бойында көлікті айдап кетіп, жол-көлік апатын жасады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігін заңсыз айдап кетіп, жол-көлік апатын жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын шағым түсіреді. Ер адам өз арызында мас халдегі танысы «ВАЗ» маркалы көлігін заңсыз айдап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол түскі уақытта үйіне келе жатып, жол бойында көлік тоқтатып тұрған танысын отырғызып, ала кетеді. Содан жәбірленуші Машат ауылында 15 минутқа көлігінен шығады. Осыны пайдаланған жолаушы көлікті айдап, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құқралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді.

Өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден арнайы топ құрылып, оқиға орнына жетеді. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің көлігін мұқият іздестіріп, жақын аймақтарды аралап шығады. Нәтижесінде Қарабұлақ ауылына барар жолда көліктің жол-апатына түсіп, адам қаққанын анықтады. Жол-апаты салдарынан зардап шеккен әйел орта дәрежедегі жарақат алғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары көлікті ұрлап, жол-көлік апатын жасап, онымен қоймай адам қаққан күдіктіні ұстап, АПБ-не жеткізді. Автокөлік айыптұрағына қойылды.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК–нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құқралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) және 345-бабымен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) тіркелді. Күдіктінің бас шарасы «келу туралы міндеттеме». Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды қашанда сақ болуға, өзіңізге жақын таныс емес азаматтармен абайлап қарым-қатынас жасауға шақырады. Осындай оқыс жағдайға тап болсаңыз немесе куәгері болсаңыз, шұғыл полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру