Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер 162 есірткі қылмысын анықтады
Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер 162 есірткі қылмысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қ. Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын ұстады, одан бір келіден астам марихуана алынды.
Қалалық полицияға Петропавл қаласының бір тұрғыны есірткі өткізумен айналысуы мүмкін деген хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде есірткі қылмысына күдікті бұрын сотталмаған 34 жастағы петропавлдық ұсталды. Тұрғылықты жерін тексеру барысында ұсталғаннан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған орама табылды. Сонымен қатар буып-түю материалдары алынды.
Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы бір келіден астам кептірілген марихуана болып табылды. Алынған ораманы ұсталған адамның бір реттік пайдаланатын 200 дозаға бөліп салмақшы болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, жыл басынан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері 162 есірткі қылмысын анықтаған, оның 60-ы қылмыс, соның ішінде 33-і өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 328 түрлі есірткі заттары, оның ішінде 369 грамм героин алынды. Қылмыстық жауапкершілікке 69 адам тартылды. «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында қыркүйектің 14-і мен 18-і аралығында өтуде.